Accessibility links

Египетте президент сайлауының екінші кезеңі басталды


Египет президенті сайлауының екінші кезеңіне өткен Мохаммед Мурси (сол жақта) және Ахмед Шафиқ.

Египет президенті сайлауының екінші кезеңіне өткен Мохаммед Мурси (сол жақта) және Ахмед Шафиқ.

Араб елдері лигасының бұрынғы басшысы Амр Мусса отандастарын Египетте бүгін басталған президент сайлауының екінші кезеңіне белсене қатысуға шақырды.

Президенттік сайлаудың бірінші турына қатысқан Мусса Египеттің зайырлы мемлекет болып қала беруін жақтайды.

Сайлаудың екінші кезеңіне "Мұсылман бауырлар" ұйымының қолдауына сүйенген Мохаммед Мурси және тақтан тайған президент Хосни Мүбәрәк тұсында премьер-министр болған Ахмед Шафиқ қатысады.

Египеттегі саяси ахуал ширығып тұр. Өйткені бейсенбі күні Египеттің конституциялық соты парламент сайлауы нәтижесін заңсыз деп таныған еді. Көп адам "соттың бұл шешімі - Мүбәрәк кеткен соң ел басқаруға ие болған әскерилердің биліктен айырылмау амалы" деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG