Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 15 адам қаза тапты


Жарылған көлік. Пәкістан, 12 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жарылған көлік. Пәкістан, 12 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістанда жарылыстан кем дегенде 15 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мина қойылған көлік Ауғанстанмен арадағы шекараға жақын Ланди-Котал қаласының базарында жарылған.

Терактінің жауапкершілігін әзір ешкім мойындаған жоқ. Бұл аймақта бір-бірімен араз исламшыл топтар мен жергілікті тайпалар көп.
XS
SM
MD
LG