Accessibility links

Ахмадинежад: келесі жылы биліктен кетем


Иран президенті Махмуд Ахмединежад. Стамбул, 7 маусым 2010 жыл
Иран президенті Махмуд Ахмединежад. Стамбул, 7 маусым 2010 жыл
Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Германияның Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газетіне берген сұхбатында екінші мерзімнен соң қайта сайлауға түскісі келмейтінін мәлімдеді.

16 маусым күні жарияланған сұхбатта ол "екі мерзім жеткілікті" деген пікір айтты. Махмуд Ахмадинежад Ресей президенті Владимир Путиннің үлгісі бойынша екі мерзімі біткесін араға уақыт салып 2017 жылы билікке қайта оралғысы жоқ екенін жеткізді.

Иран президенті биліктен кеткен соң саяси партия құру туралы жоспары жоғын айтты. Ол университеттегі "ғылыми жұмыстарына" қайта оралғысы келеді, бірақ онда жүріп саяси іс-шаралардан қалыс қалмайтынын да ескертеді.
XS
SM
MD
LG