Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 8 адам өлді


Алматы облысындағы трасса бойында тұрған полицейлер. Көрнекі сурет

Алматы облысындағы трасса бойында тұрған полицейлер. Көрнекі сурет

Талдықорған - Текелі трассасының 22-шақырымында Mazda және Audi көліктері соқтығысып, 8 адам опат болды. Олардың біреуі - үш айлық нәресте. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні сағат 16.30-да болған. Mazda көлігінің жүргізушісі және салонда отырған екі ер, бір әйел жолаушы, Audi машинасының жүргізушісі және іште отырған екі әйел мен жас сәби сол жерде тіл тартпай кеткен.

Апат орнына жеткен жергілікті құтқарушылар қайғылы оқиғаны тіркегеннен басқа амал жасай алмаған.
XS
SM
MD
LG