Accessibility links

Йеменде әскери қолбасшыға қастандық жасалды


Жанкешті жарған көлік. Көрнекі сурет.

Жанкешті жарған көлік. Көрнекі сурет.

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласында дүйсенбіде жоғары лауазымды әскери қолбасшы - генерал Салим Әли Қатанға қастандық жасалып, қаза тапты. Генерал жұмысына бара жатқан жолда жанкешті жарған бомбадан қаза болған.

Салим Әли Қатан Йемен армиясының екі айдан бері "Әл-Қаида" ұйымына қарсы әскери операциясын басқарып келген. Ол жүргізген операциялар барысында "Әл-Қаида" жасақтары Йеменнің оңтүстігіндегі провинциялардағы бірнеше қала мен елді мекендерді тастап шығуға мәжбүр болды.

Операциялар кезінде жүздеген әскерилер, "Әл-Қаиданың жасақтары және бейбіт тұрғындар құрбан болды.
XS
SM
MD
LG