Accessibility links

Беларусьте парламент сайлауы 23 қыркүйекте болады


Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусьте парламент сайлауы биылғы жылдың 23 қыркүйегінде өтетін болды. Бұл туралы бүгін президент Александр Лукашенко сайлауға дайындық мәселелеріне арналған жиында мәлімдеді.

Азаттық радиосы Беларусь қызметінің хабарлауынша, Лукашенко сайлауға дайындық кезінде "ұйымшылдық, тұтастық пен ерекше ұтқырлық керек" деген.

Лукашенко бұған қоса Беларусьтің өзінің сайлау стандарттары бар екенін және өзге біреудің жетегіне ермейтінін ескертті.

"Сайлау беларусь халқы және оның мүддесі үшін өткізіледі. Беларусь - егеменді мемлекет және сайлау кезінде елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған арандатуларға жол бермейді" деді Лукашенко.
XS
SM
MD
LG