Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның интернет еркіндігіне қатысты жиыны өтіп жатыр


ЕҚЫҰ-ның ресми логотипі. Көрнекі сурет.

ЕҚЫҰ-ның ресми логотипі. Көрнекі сурет.

Дублинде (Ирландия) дүйсенбіде ЕҚЫҰ-ның интернет еркіндігі мәселелеріне арналған жиыны басталды.

Жиынға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердегі интернетті басқару саласына қатысты мамандар мен азаматтық қоғам институттары мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр.

Жиынның мақсаты ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мен сөз бостандығына қатысты шарттарын дұрыс түсіндіру және олардың интернет және басқа да коммуникациялық технологияларға қатысты қалай қолдану керектігін анықтау болып отыр. Жиында осы құқықтарды пайдаланудағы кедергілер мен сөз бостандығын жөнді, жөнсіз шектеу мәселелері де талқыланбақ.

Әлеуметтік желілерді пайдалану тақырыбы да жиынның бір бөлімінде талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG