Accessibility links

Мексикада "Үлкен жиырмалық" саммиті өтіп жатыр


Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Барак Обаманың кездесуі. Лос-Кабос, Мексика, 18 маусым 2012 жыл.

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Барак Обаманың кездесуі. Лос-Кабос, Мексика, 18 маусым 2012 жыл.

Мексиканың Тынық мұхиты жағалауындағы Лос-Кабос қаласында үлкен жиырма ел басшыларының саммиті өтіп жатыр. Саммиттің күн тәртібінде әлемдік экономикалық дағдарыстың алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі тұр.

Саммитте Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Барак Обама екеуара кездесті. Кездесуде президенттер АҚШ-тың Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қатысты келіспеушіліктерді шешу жолдарын қарастыруға келісті.

Екі ел басшысы Сириядағы жағдайды да талқылады. Обама мен Путин Сириядағы қақтығысты тоқтату қажеттігін мәлімдеп, ол елдің өз болашағын демократиялық жолмен таңдауы керегін айтты; БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннанның қызметіне толықтай қолдау білдірді.
XS
SM
MD
LG