Accessibility links

Нигерияда діни қақтығыстан 52 адам мерт болды


Жарылыстан зардап шеккендердің денелерін әкетіп жатыр. Кадун, Нигерия, 19 маусым 2012 жыл.
Жарылыстан зардап шеккендердің денелерін әкетіп жатыр. Кадун, Нигерия, 19 маусым 2012 жыл.
Нигерияда жексенбіде шіркеуге жасалған шабуылдан туындаған діни қақтығыстар салдарынан 52 адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жексенбіде христиандардың үш шіркеуіне жанкешті жасаған шабуылдан 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Куәгерлер осы терактілерден соң христиан жастары мұсылмандарды көліктерден сүйреп шығып, өлтіре бергенін айтады. Құрбандардың денелері Кадун қаласындағы екі аурухананың мәйітханаларына жиналып қалған.

Шіркеулерге жасалған шабуылдарға жауапкершілікті радикалды исламшыл "Боко Харам" тобы мойнына алды.

Кадун қаласында коменданттық сағат тәртібі енгізілді.
XS
SM
MD
LG