Accessibility links

Румыния премьері "плагиаттық жасады" деп айыпталуы мүмкін


Румыния премьер-министрі Виктор Понта.

Румыния премьер-министрі Виктор Понта.

Румынияның премьер-министрі Виктор Понтаға "плагиаттық жасады" деген айып тағылуы мүмкін.

Nature журналының жазуынша, сәуір айында премьер-министр болған Понта құқық саласы бойынша жазған докторлық диссертациясын басқа ғылыми жұмыстан сілтемесіз көшіріп алған. Басылым тілшісі халықаралық қылмыстық сот саласына арналған премьердің диссертациясының жартысы плагиат екенін айтады.

Өткен айда ғана тағайындалған Румынияның білім министрі Иоан Манг "жазған кітаптарының бірінде жапон ғалымының еңбегін заңсыз пайдаланды" деген айыптан соң қызметінен кеткен.
XS
SM
MD
LG