Accessibility links

Әзербайжан Түркіменстанға ескерту жасады


Каспий теңізінің Баку жақтан қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізінің Баку жақтан қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Түркіменстанның Бакудегі елшісін шақырып алып, Ашғабадтың Каспий теңізіндегі екі ел арасындағы даулы мұнай кеніші аймағын зерттеу әрекетіне ескерту жасады.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, "Түркіменстанның заңсыз әрекетіне қатысты қатаң қарсылық білдірілген". Мәлімдемеде "Каспий теңізінің өзіне тиесілі бөлігіне қатысты дербес құқықтарын қорғауға Әзербайжанның дайын екені" айтылған.

Баку мұнай қоры бар даулы аймақты Капаз деп атаса, Ашғабад оны Сердар деп атайды. Екі ел де даулы аймақты өзінікі деп біледі.

2008 жылы екі ел басшылары дау шешілмейінше аймақта зерттеу немесе өндіру жұмыстарымен айналыспау туралы келісімге қол қойған еді.
XS
SM
MD
LG