Accessibility links

Мүбәрәктің денсаулығы туралы түрлі ақпарат тарады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк сот залында. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк сот залында. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Египетте өмірлік түрме жазасына кесілген бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің жағдайы туралы қарама-қайшы ақпараттар тарап жатыр. Сейсенбіде алдымен "84 жастағы экс-президент жүрек талмасына ұшырап, түрме ауруханасынан Каирдегі ауруханаға ауыстырылды" деген хабар тарады.

Ал Египеттің мемлекеттік MENA ақпарат агенттігі "Мүбәрәк ауруханаға түскенде клиникалық өлім жағдайында болды" деп хабарлады. Бірақ бірқатар батыстық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Египет билігінің өкілдері бұл хабарларды жоққа шығарған.

Еипет билігі Мүбәрәктің тірі екенін және жасанды аппаратпен демалып жатқанын мәлімдеді. Мұның алдында Египеттің мемлекеттік телеарнасы "дәрігерлер бірнеше секундқа тоқтап қалған Мүбәрәктің жүрегін қайта соқтыру үшін дефибриллятор қолдануға мәжбүр болғанын" хабарлаған.

2 маусым күні Египет соты елді 30 жыл басқарған Хосни Мүбәрәкті «шерушілердің өліміне қатысы бар» деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кескен.
XS
SM
MD
LG