Accessibility links

Шығыс Қазақстанда диаметрі 6-7 сантиметрлік бұршақ жауды


Жаз мезгілінде жауған бұршақ. Көрнекі сурет.

Жаз мезгілінде жауған бұршақ. Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына қарасты Қызылкесік ауылында сейсенбі кешке жақын көлемі тауықтың жұмыртқасындай, диаметрі 6-7 сантиметрлік бұршақ жауды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

20 минут бойы жауған бұршақ аралас жаңбырдан үйлердің шатыры қирап, ондаған көліктің терезелері сынған.

Қазір ауылда арнайы комиссия мал шығынын және басқа да шығындарды есептеп жатыр дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылкесік ауылында шамамен 2 мыңға тарта адам тұрады.
XS
SM
MD
LG