Accessibility links

Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, 410 үй зардап шекті


Жаз мезгілінде жауған бұршақ. Көрнекі сурет.
Жаз мезгілінде жауған бұршақ. Көрнекі сурет.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Ойшілік және Құмкөл ауылдарында көлемі тауықтың жұмыртқасындай болатын бұршақ жауып, үйлер мен әкімшілік ғимараттары зардап шекті деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті. Зардап шеккен жан жоқ.

Департамент мұның алдында осы ауданның Қызылкесік ауылында кеше кешке диаметрі 6-7 сантиметрлік бұршақ жауып, үйлердің шатырлары, көліктердің терезелері қирағанын хабарлаған еді.

Бүгінгі дерек бойынша, Қызылкесік, Ойшілік және Құмкөл ауылдарында бұршақтан 410 үйдің терезесі мен шатыры қираған. Оның 345-і - Қызылкесік, 60-ы Ойшілік, бесеуі - Құмкөл ауылында. Ойшілік ауылында электр сымдары үзілсе, Қызылкесікте амбулатория, әкімдік пен мәдениет үйі зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG