Accessibility links

Францияда қарулы адам бірнеше адамды кепілге алды


Француз полициясы экстремист деген күдіктіні ұстап әкетіп барады. Корен, 30 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Француз полициясы экстремист деген күдіктіні ұстап әкетіп барады. Корен, 30 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Тулуза қаласында қарулы ер адам банкіде бірнеше адамды кепілге алды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ер адам өзін "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар деп мәлімдеген.

Әзірге оның қанша адамды кепілге алғаны және қандай талап қойып отырғаны белгісіз.

Наурыз айында Тулузада исламшыл Мұхаммед Мера еврей мектебінде төрт адамды атып өлтірген. Мераның өзі полиция пәтерін шабуылдау кезінде қаза тапты. Бұдан соң елдің бірнеше қаласында полиция экстремист деп күдіктенгендерге тексеру жүргізген.
XS
SM
MD
LG