Accessibility links

Ақтөбеде полицей оққа ұшты


Ақтөбе полицейлері. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе полицейлері. (Көрнекі сурет)

Маусымның 21-іне қараған түні Ақтөбеде полицей Темірбек Жақсылықбаев оққа ұшты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты. Онда Жақсылықбаев пен тағы бір полиция қызметкерінің Ақтөбемен іргелес Кірпішті ауылында таксиске шабуыл жасалғаны туралы хабарды естіп, оқиға болған жерге шыққаны айтылады. Оқиға болған жерде бірі жараланған таксиске көмек көрсетпек болып қалғанда, орманға барған Жақсылықбаевты тасада тұрған қылмыскерлердің бірі атып өлтірген.
XS
SM
MD
LG