Accessibility links

Ливияда тайпааралық қақтығыста 100 адам өлді


Ливияның картасы. Көрнекі сурет.
Ливияның картасы. Көрнекі сурет.
Ливияда соңғы күндері өзара жауласушы тайпалар арасындағы қақтығыста 100 адам қаза тапты. 500-ден астам адам жараланды.

Үкімет өкілінің хабарлауынша, қақтығыстар ел астанасы Триполиден 150 шақырым жерде орналасқан ауданда болды. Қақтығыстарды ауданға кіргізілген үкімет әскері тоқтатты.

Батыстық бақылаушылар Ливия аумағындағы түрлі тайпалар арасындағы қақтығыстар қазіргі үкіметке сынақ болып тұр деп санайды. Муаммар Каддафидің диктаторлық режимін ауыстырған жаңа билік елді басқару тетіктерін қолына алуға барынша тырысып жатыр.

Бірнеше аптадан кейін Ливияда ондаған жылдардан бері алғаш рет еркін парламент сайлауы өтпек.
XS
SM
MD
LG