Accessibility links

Google құрып бара жатқан тілдерді сақтап қалуға көмектеспек


Google интернет компаниясының логотипі. Көрнекі сурет.
Google интернет компаниясының логотипі. Көрнекі сурет.
Google интернет компаниясы әлемде жойылып бара жатқан тілдерді құтқаруға өз үлесін қосқысы келетінін мәлімдеді.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, Google лингвист ғалымдармен бірігіп жоғалып бара жатқан тілдерді сақтап қалуға арналған интернет-портал құрмақ. Ол порталға кірушілер мен қолданушылар болашақта жоғалу қаупі бар тілдер мен диалектілер туралы ақпарат алып, өздігінен толықтыра алады.

Қазір порталды 18-ғасырдағы қолжазбалармен және қазіргі заманғы оқыту құралдарымен, ғылыми-танымдық мақалалармен толықтыру жұмыстары басталып кеткен.

Мамандар "қазір әлемдегі жеті мыңға тарта тілдің жартысы осы ғасыр аяғында құрып кетеді" деп болжайды.
XS
SM
MD
LG