Accessibility links

Пәкістанда премьерлікке кандидатты тұтқындауға ордер берілді


Қызмет өкілеті тоқтатылған Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани.
Қызмет өкілеті тоқтатылған Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани.
Пәкістан соты президент Асиф Әли Зардари премьерлікке ұсынған кандидат Махдум Шахабуддинді тұтқындауға ордер шығарды.

Ордер Шахабуддин премьерлікке ұсынылғаннан бірнеше сағаттан соң шыққан. Пәкістанның ақпарат құралдары Шахабуддиннің тұтқындалуы оның денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезінде заңсыз есірткі импорттауымен байланысты екенін хабарлады.

Жеңіл өнеркісіп министрі болған Шахабуддинді президент премьерліктен алынған Юсуф Раза Гиланидің орнына ұсынған еді. Оның тұтқындалуы премьерлік қызметіне сайлануына кедергі келтіретіні, я келтірмейтіні белгісіз.

Пәкістанның жоғарғы сот Гиланиді президент Асиф Әли Зардарига қарсы коррупциялық істі қайта қозғауға кедергі келтірмек болды деп өкілетін тоқтатқан.

Парламент жұма күні жаңа премьер-министрлікке кандидаттарға дауыс береді.
XS
SM
MD
LG