Accessibility links

Назарбаев: Кәсіпкерлер "Атамекенге" мүше болуы тиіс


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "бизнесмендер "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасына міндетті түрде мүше болуы тиіс" деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен кәсіпкерлікті дамуты туралы жиында.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, Назарбаев Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған ортақ ұйым қажеттігін білдіріп, егер бизнесмендер "Атамекен" палатасына мүше болған жағдайда оған реттеуші функциясын беруге болатынын айтты.

"Егер ортақ бір ұйым болса, онда үкімет те, мен де тең дәрежеде, әріптес ретінде жұмыс істейтін боламыз" деді Назарбаев.

Президент бұған қоса қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдері тиісті бағасын бермей жатып заңдар қабылдауға тыйым салуды да ұсынды.
XS
SM
MD
LG