Accessibility links

Сирияда бейсенбіде 114 адам құрбан болды


Сириялық құқық қорғаушылар бейсенбіде көтерілісшілердің үкімет әскерімен қақтығысында 114 адам қаза тапқанын хабарлап, бұл күнді "ең қаралы күндердің бірі" деп атады.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері қақтығыстар болған Хомс қаласына кіріп, бейбіт тұрғындарды көшіре алмай жатыр.

Қақтығыстар мұнымен қатар Дамаскінің маңындағы аудандар мен Дераа провинциясында да болған.

Ал кеше сириялық ұшқыш МиГ-21 жойғыш ұшағымен Иорданияға өтіп кетіп, ол елден саяси баспана алды. Бұл - Башар Асад режимі мен көтерілісшілер арасында қақтығыс басталғалы бергі Сирия қарулы күштерінде болған алғашқы жағдай. Дамаск ұшқыштың әрекетін сатқындық деп атап, Иордания билігінен Сирия ұшағын қайтаруды талап етті.
XS
SM
MD
LG