Accessibility links

AI Болат Атабаевты "ар-ұждан тұтқыны" деп жариялады


Режиссер Болат Атабаев.
Режиссер Болат Атабаев.
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы қамаудағы Болат Атабаевты "ар-ұждан тұтқыны" деп жариялады.

Ұйымның ресми веб-сайтында жариялаған хабарламада "Қазақстандағы мұнайшылардың құқықтарын қорғаған көрнекті театр режиссері Болат Атабаев жалған айыптармен істі болды. Атабаев - тек өзінің пікір айту хақын пайдаланып сөз сөйлеген ар-ұждан тұтқыны" делінген.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылған Болат Атабаев пен "Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды 15 маусымда ҰҚК тұтқындап әкеткен. Ал 18 маусымда оларды Ақтау қаласына тергеуге әкеткені туралы хабар тарады.
XS
SM
MD
LG