Accessibility links

Сирия түрік ұшағын атып түсіргенін растады


Түркияның әскери ұшағы. 26 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркияның әскери ұшағы. 26 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия Жерорта теңізіндегі өзіне тиесілі аумаққа құлаған түрік жойғыш ұшағын атып түсірген - сириялық әуе шабуылынан қорғаныс қызметі екенін растады.

Ұшақ пен оның екі ұшқышын Түркия мен Сирия кемелері іздеп жатыр.

Жұма күні Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған "Сирия Түркияның әскери ұшағын атып түсірді" деп ресми мәлімдеген еді. "Оқиғаның егжей-тегжейі толық анықталған соң ғана Анкара одан кейінгі жоспарларын жариялайды" дейді Ердоған.

"БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун оқиғаны жіті бақылап отыр. Екі тарап мұны дипломатиялық жолмен шешеді деп сенеді" дейді бас хатшының өкілі Мартин Несырки.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жұма күні Сирияның Идлиб, Дераа, Хомс қалаларында қақтығыстан 96 адам қаза болған, оның 50-і - бейбіт тұрғындар.
XS
SM
MD
LG