Accessibility links

Кенияда екі ирандық терроризм күдігімен ұсталды


Кения полицейлері. 8 сәуір 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Кения полицейлері. 8 сәуір 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Кенияда ирандық екі азамат терроризм айыбы бойынша айыппен ұсталды. Кения полициясының бүгін хабарлауынша, бұл оқиға бірнеше күн бұрын ел астанасы Найробиде болған.

Тұтқындалған азаматтардың бірін терроризмге қарсы бөлім қызметкерлері анықтаған. Ол теңіз жағасындағы Момбаса қаласынан жарылғышқа ұқсайтын 15 килограмм ұнтақпен ұсталған.

Кениядағы АҚШ елшілігі Момбасаға лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтып, қызметкерлеріне ол қаладан шығып кетуді бұйырды.

"Әл-Қаида" ұйымына қатысы бар сомалилік "Әш-Шааб" тобы жуықта Кенияда аумағында жарылыс жасайтындарын ескерткен. Олар Кенияның Сомалиге әскер жібергеніне наразы.
XS
SM
MD
LG