Accessibility links

АҚШ-та алқа билер соты америкалық футбол жаттықтырушысы Джерри Сэндаскиді кәмелетке толмаған балаларға жыныстық зорлық көрсеткен деп тапты.

Жиырма сағат талқылаған сот мүшелері Сэндаскиге тағылған 48 айыптың 45-і дәлелденгенін жариялады.

Олардың айтуынша, жаттықтырушыға қарасты футбол тобындағы балалар мен жасөспірімдер зорлыққа душар болған.

Бұрынғы жаттықтырушыға үкім үш айдың ішінде шығады. Оны өмірлік түрме жазасына кеседі деп болжап отыр.

Джерри Сэндаски бұдан бұрын Пенсильвания штаты университеті тобында жаттықтырушының көмекшісі болған. Ол топтың бұрынғы бас жаттықтырушысы Джо Патерно жанжалға бола қызметінен кеткен еді. Университеттің президенті де жұмыстан шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG