Accessibility links

Еуро елдері экономикалық даму жоспарын келісті


Испания премьер-министрі Мариано Рахой, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Марио Монти. Рим, 22 маусым 2012 жыл.

Испания премьер-министрі Мариано Рахой, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Марио Монти. Рим, 22 маусым 2012 жыл.

Франция, Германия, Италия және Испания келесі аптада өтетін Еуропа Одағы саммитінде экономикалық дамуды ынталандыратын 130 миллиард еуро қаржы бөлуді ұсынбақ.

Италия премьері Марио Монтидің айтуынша, Римде өткен төрт күндік кездесу барысында бұл елдер "еуро аумағындағы қазіргі дағдарысты шешу амалдары жеткіліксіз" деп тапқан. Монтидің сөзіне қарағанда, Еуропа Одағындағы қаржы нарығы мен халыққа еуропалық ортақ валюта керектігін, оның жойылмайтынын түсіндіру керек.

Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, еуро аумағындағы жетекші елдер экономикалық қиындықтарды жеңу үшін саяси тұрғыда одақтаса қимылдайды. Оның ойынша, қазіргі дағдарыстан алатын басты сабақ - Еуропа Одағы қанатын жая түсуі керек.

Франция президенті Франсуа Олландтың сөзіне қарағанда, төрт ел басшылары қаржылық транзакцияға салық салуға келіседі.
XS
SM
MD
LG