Accessibility links

Ақтөбелік үш шабуылдаушының бірі тірі қалды


Құрманқұл Ғабит Азаматұлы, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.

Құрманқұл Ғабит Азаматұлы, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 маусым күні Ақтөбе қаласы Краснощеков көшесіндегі 46-үйге жасырынып, полицияға қарулы қарсылық көрсеткен үш жігіттің біреуі тірі қалды.

Қарулы қақтығыс кезінде жарақат алған азаматтың аты-жөні Ғабит Құрманқұл деп жарияланды. Оның жасы әлі 18-ге толмаған.

23 маусым күні Ақтөбенің "Малышка" ауданында полиция мен "қарулы топ" деп сипатталған бірнеше адамның арасында атыс болған еді. Бас прокуратураның хабарлауынша бұл топ 21 маусым күні Ақтөбенің "Кірпішті" ауданында оққа ұшқан полицей Темірбек Жақсылықбаевтың өліміне тікелей қатысты.
XS
SM
MD
LG