Accessibility links

Каир халқы сайлау нәтижесін естімекке жиналды


Каирдің Тахрир алаңына жиналған халық. 22 маусым 2012 жыл
Каирдің Тахрир алаңына жиналған халық. 22 маусым 2012 жыл
Египет астанасында қарасы қалың топ жексенбі күні жарияланатын президенттік сайлау нәтижесін күтіп қала орталығына жинала бастады.

17 маусым күні өткен сайлау кезінде "Мұсылман бауырлар" ұйымының өкілі Мохаммед Мурси мен бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафик бәсекеге түсіп, әрқайсысы жеке-жеке "жеңіске жеткенін" мәлімдеген еді.

Бұған дейін 21 маусым күні жариялануы тиіс болған сайлаудың түпкілікті нәтижесін Египеттің сайлау комиссиясы бір мәрте кейінге қалдырған болатын.

Екі кандидаттың жақтастары жинала бастаған Каир көшелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Президенттік сайлаудан кейін жергілікті халықтың жартысы Хосни Мүбәрәктің заманына қайтып ораламыз деп, ал қалғаны исламистік режим орнауы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG