Accessibility links

Ауғанстанда су тасқынынан ондаған адам өлді


Ауғанстанның Сари-Пуль уәлаятындағы су тасқыны құрбандары. 14 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Ауғанстанның Сари-Пуль уәлаятындағы су тасқыны құрбандары. 14 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Ауғанстан мен БҰҰ ресми өкілдері 23 маусым күні нөсер жаңбырдан соң су тасқыны жүріп ел бойынша 37 адамның өлгенін хабарлады. Ондаған адам әлі табылмай жатыр.

100-ден астам үй, жүздеген гектар егістік, ондаған ірі қара мал мен өзге де үй жануарлары суға ағып кеткен. Гор уәлаятының өкілі Абдул Хай Хатеби 24 тұрғын қаза тапты деп мәлімдеді. Бадахшан уәлаяты өкілінің айтуынша, Яфтал ауданында жұма күні 13 адам опат болған.

БҰҰ гуманитарлық істер бойынша үйлестіру кеңсесі көптеген тас жолдарды су шайып кеткендіктен жәрдем жеткізу қиынға соғып отырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG