Accessibility links

Исламшыл Мурси Египет президенті боп сайланды


Мохаммед Мурсидің қолдаушылары сайлау нәтижесіне қуанып тұр. Каир, Тахрир алаңы, 24 маусым 2012 жыл
Мохаммед Мурсидің қолдаушылары сайлау нәтижесіне қуанып тұр. Каир, Тахрир алаңы, 24 маусым 2012 жыл
Египеттің сайлау комиссиясы "Мұсылман бауырлар" ұйымының өкілі Мохаммед Мурсидің президенттік сайлауда жеңіп шыққанын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, ол 51.7 пайыз дауыс жинап, қарсыласы - бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафиктен үш пайыз асып түскен.

Мурсидің ондаған мың қолдаушылары Каирдегі Тахрир алаңына жиналып, телеарнадан нәтиже хабарланған кезде мәз-мейрам болысты.

16-17 маусым күндері Египетте өткен алғашқы демократиялық сайлау тұрғындар арасында екі түрлі қорқыныш тудырды. Бірінші топ Хосни Мүбәрәктің заманына қайтып ораламыз деп қауіптенсе, екінші топ исламшыл режим орнайды деп алаңдайды.

Сайлау комиссиясы сайлаушылардың 51.8 пайызы дауыс берді деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG