Accessibility links

Ирак үкіметі 44 ақпарат ұйымын жабуға бұйрық берді


Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики.
Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики.
Бағдадта орналасқан баспасөз құқығын қорғау тобы үкіметтің 44 отандық және шетел ақпарат құралын жабуға бұйрық бергенін хабарлады.

Ирак үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация комиссиясы "жабылуы тиіс лицензиясыз жұмыс істеп жатқан" ақпарат ұйымдарының тізімін жариялады. Тізімде АҚШ қаржыландыратын "Сава" радиосы, Таяу Шығыс аймағына хабар тарататын араб тілді радио станция, Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ирактағы қызметі бар.

"Сава" радиосының басшылығы лицензиялары бар екенін айтып, радионың тізімге еніп кетуін "бюрократиялық қателік" деп атады. Баспасөз құқын қорғау ұйымдары Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликиді "ақпарат құралдарының үнін өшіруге ұмтылып отыр" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG