Accessibility links

Дәрігер: Ақтөбелік жаралы полицейлердің жағдайы бірқалыпты


Атыс болған маңда жүрген полицейлер. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.

Атыс болған маңда жүрген полицейлер. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.

Ақтөбедегі жол полициясы қызметкерін өлтірді деген күдіктілерді ұстау операциясында жараланған полицейлердің денсаулығы бірқалыпты. Бұл туралы қаладағы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Сәубет Келімбердиевке сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Жол полициясы қызметкерін өлтіруге қатысы бар деген күдікті де ауруханаға түсті. Полицейлермен қатар емделіп жатыр. Оның да жағдайы бірқалыпты" деген Келімбердиев.

23 маусымда Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жұрт «Малышка» деп атап кеткен ауданда арнайы жасақ пен қарулы топтың арасында алты сағатқа жуық атыс болған еді. Бас прокуратура арнайы жасақпен атысқандар - 21 маусымда жол полициясы қызметкерін атып, полициядан қашып жүрген үш адам деп хабарлаған. Атыс барысында қарсыласушы үшеудің екеуі қаза тауып, бірі жараланған.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі бір полицей мен бір СОБР жауынгері жараланғанын растады.
XS
SM
MD
LG