Accessibility links

Сириялық 33 әскери Түркияға өтіп кетті


Дамаскінің Дума ауданында жүрген үкімет сарбазы. Сирия, 20 мамыр 2012 жыл.

Дамаскінің Дума ауданында жүрген үкімет сарбазы. Сирия, 20 мамыр 2012 жыл.

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирия армиясының 33 әскери қызметкері өткен түні отбасыларымен Түркияға қашып барған.

Қазір Түркиядағы босқындар лагерінде Сириядағы қақтығыстардан бас сауғалаған мыңдаған босқын тұрып жатыр.

Associated Press агенттігінің хабарлауына қарағанда, бүгіннің өзінде Дамаскінің маңындағы Дума ауданында ондаған жанұя үйлерін тастап кетті. Көтерілісшілер бекінген аудандардың бірі - Думаны үкімет әскері өткен аптадан бері атқылап жатыр. Жергілікті белсенділердің дерегі бойынша, дүйсенбіде Хомс қаласындағы қақтығыстарда бір адам қаза тауып, 12 адам жараланған.

Жексенбіде Сирияда қақтығыстарда тағы 90 адам қаза тапты. Олардың көпшілігі Дейр-эр-Зор қаласында құрбан болған.
XS
SM
MD
LG