Accessibility links

Үндістанда 350 жылдық тарихы бар мешіт өртенді


Кашмир штатындағы мұсылмандардың өртенген тарихи мешіті. Сринагар, 25 маусым 2012 жыл.

Кашмир штатындағы мұсылмандардың өртенген тарихи мешіті. Сринагар, 25 маусым 2012 жыл.

Үндістанның Кашмир штатына қарасты Сринагар қаласында 350 жылдық тарихы бар мұсылмандар мешіті өртеніп кетті.

Исламдағы сопылық ағым өкілі, 11-ғасырда өмір сүрген шейх Абдул Қадыр Жиланидің жәдігерлері сақталған ағаш мешіттің алдымен шатыры өртенген. Артынша өрт мешіттің қабырғасына жайылған. Өрттің неден шыққан белгісіз.

Мешіттің өртенуіне жергілікті тұрғындар наразылық танытып, полициямен қақтығысты. Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, алты адам жараланды.

Кашмир штатындағы мұсылмандар арасында үнділерге қарсы көңіл-күй бұрыннан бар. Мұнда 1989 жылдан бері жергілікті тайпалар Үндістаннан тәуелсіздік алу немесе көршілес Пәкістан құрамына қосылу жолында күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG