Accessibility links

"Терісайрықта" солдаттарды ұрды деген күдіктілер қамалды


Қазақстандық шекарашы. Көрнекі сурет

Қазақстандық шекарашы. Көрнекі сурет

Қазақстанның әскери прокуратурасының баспасөз хатшысы Акбар Әбділдин Tengrinews агенттігіне "Терісайрық" заставасында солдаттарды ұрып-соқты деген күдік бойынша Өскеменде бірнеше сезікті қамалды деп мәлімдеді.

"Өскемен әскери гарнизонының әскери соты 23 маусым күні шығарған қаулы бойынша Әнуар Бейбітұлы Хамитов, Ербол Үсенғазыұлы Тұрдағұлов және Жігер Орысханұлы Қаженов екі айға уақытша қамауға алынды", - деді өкіл.

Бұған дейін шекарашылар заставасының басшысы мен келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген тағы екі сарбаз Өскемен қаласында қамауға алынды деп хабарланған болатын.

18 маусым күні 11 шекарашының 2017-ші әскери бөлімге қарайтын "Терісайрық" заставасын тастап кеткені жария болған еді. Ресми мәлімет бойынша жоғалғандар сол күні-ақ 18 шақырым жерден табылған. Солдаттар келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жатқандардан зәбір көрдік деп шағынған.

19 маусым күні Өскемен гарнизонының әскери соты осы шағым негізінде қылмыстық кодекстің 380-1 бабы, "А" бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғатқан еді.
XS
SM
MD
LG