Accessibility links

Ресей президенті Таяу Шығыста сапарлап жүр


Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кездесу үстінде. Иерусалим, 25 маусым 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кездесу үстінде. Иерусалим, 25 маусым 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путиннің Таяу Шығысқа сапары сейсенбіде одан ары жалғасады.

Дүйсенбіде Израильге сапарлаған Путин бүгін Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббаспен кездеседі. Кездесуде Израиль-Палестина тікелей бейбіт келіссөздерін қайта жалғастыру мәселесін талқылау жоспарда бар.

Владимир Путин бұдан соң Йорданияға аттанып, король Екінші Абдалламен кездеспек.

Кеше Израильге сапарында Путин осы ел президенті Шимон Переспен және премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен кездесті. Екі ел басшылары екіжақты байланыс пен халықаралық қарым-қатынас жайын, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады.
XS
SM
MD
LG