Accessibility links

Шекара бекеті офицерінің үстінен іс қозғалды


ҰҚК-нің Алматы облысы Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

ҰҚК-нің Алматы облысы Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш гарнизонының әскери тергеу бөлімі "Ынтымақ шекара бекетінің офицері Руслан Тоймаханбеттің үстінен іс қозғады.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, офицердің үстінен қылмыстық іс "қаруды абайламай қолданып, адам өліміне соқтырғаны үшін" қылмыстық кодекстің 390-бабы 2-тармағы бойынша қозғалған.

25 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ынтымақ шекара бекетінде белгісіз бес адам офицерге шабуыл жасап, бір бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG