Accessibility links

Козлов пен Сапарғалиға қатысты сот шешімі күшінде қалды


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Маңғыстау облыстық соты Владимир Козловты қамау мерзімін 23 шілдеге дейін ұзарту туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сотқа қатысқан оның әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Тұрысбекова судья Бейсенбаевтың Козлов пен Серік Сапарғалиды 23 шілдеге дейін қамауда ұстау туралы сот шешімін дұрыс деп тапқанын айтады.

13 маусымда Жаңаөзен қалалық соты тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі мен оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалиды қамау мерзімін 23 маусымға дейін ұзартуды шешкен.

Владимир Козлов пен Серік Сапарғали қаңтар айынан бері Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен тергеліп, қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG