Accessibility links

Прокуратура: Шекарашылар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін


Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Терісайрық шекара заставасындағы келісімшартпен қызмет етіп жүрген шекарашылар "қызмет бабын асыра пайдаланғаны" үшін 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбіде бас әскери прокуратураға сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Әскери прокуратураның ресми өкілі Жеңіс Темековтің мәлімдеуінше, екі айға қамалған шекарашылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

18 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Терісайрық шекара заставасын 11 сарбаз тастап кетіп қалған еді. 20 маусымда олардың барлығы ұсталды. Сарбаздар өздеріне келісімшартпен қызмет ететін шекарашылар қысым жасағанын айтқан.

Ал 20 маусымда өткен жылы әскерге шақырылған сарбаздарды ұрды деп айыпталған үш шекарашы қамалған еді.
XS
SM
MD
LG