Accessibility links

Дамаскіде үкіметшіл телеарнаға шабуыл жасалды


Үкіметшіл Al-Ikhbariya ("Әл-Ихбария") телеарнасы ғимаратының бір бөлігін шабуыл жасаушылар жарып жіберді. Дамаск, 27 маусым 2012 жыл.

Үкіметшіл Al-Ikhbariya ("Әл-Ихбария") телеарнасы ғимаратының бір бөлігін шабуыл жасаушылар жарып жіберді. Дамаск, 27 маусым 2012 жыл.

Сирияда сәрсенбіде шабуыл жасалған үкіметшіл Al-Ikhbariya ("Әл-Ихбария") телеарнасы қайтадан хабар тарата бастады.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, бүгін таңертең бірнеше қарулы адам Дамаскідегі телеарна ғимаратына басып кіріп, үш қызметкерді атқан. Одан кейін ғимараттың бір бөлігін жарып жіберген.

Сирия билігі шабуылды көтерілісшілерден көріп, бұл әрекетті "еркін ақпарат құралына қысым жасау" деп сипаттады.

Сирия оппозициясының өкілдері телеарнаға өздерінің шабуыл жасамағандарын мәлімдеді.

Сейсенбіде президент Башар Асад Сирияның соғыс жағдайында тұрғанын айтып, үкіметтен жеңіске жетуге қажетті шаралардың барлығын жасауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG