Accessibility links

Ресейде өнер адамдары Pussy Riot мүшелерін босатуды сұрады


Pussy Riot мүшесі Мария Алехинаны полиция сотқа әкеле жатыр. Мәскеу, 20 маусым 2012 жыл.

Pussy Riot мүшесі Мария Алехинаны полиция сотқа әкеле жатыр. Мәскеу, 20 маусым 2012 жыл.

Ресейде жүзден астам мәдениет және өнер қайраткерлері қамаудағы Pussy Riot панк тобының мүшелерін қолдаған үндеу жариялады.

Ресейлік бірнеше ақпарат құралының сайтында жарияланған үндеуге қол қоюшылар Pussy Riot тобы өкілдерінің әрекетін қылмыстық әрекет деп бағаламайтынын білдірген. Мәдениет және өнер қайраткерлерінің пікірінше, топ мүшелерін қудалау қоғамда төзімсіздік пен шиеленістің күшеюіне әкеп соғады. Өнер адамдары оларды тұтқындаудың ешқандай мәні жоғын айтып, қамаудағы топ мүшелерін босатуды талап етеді.

Үндеуге Олег Басилашвили, Чулпан Хаматова, Эльдар Рязанов, Алексей Герман, Сергей Юрский, Павел Чухрай, Марк захаров және басқалары қол қойған. Үндеу Ресей жоғарғы соты мен Мәскеу қалалық сотына жіберілді.

4 ақпанда топ мүшелері Құтқарушы Ғайса ғибадатханасына (Храм Христа Спасителя) баса көктеп кіріп ән салған еді. Pussy Riot мүшелері осылайша қайта президент болып сайланған Ресей премьер-министрі Владимир Путинді православие шіркеуі басшысының ашық түрде қолдап шыққанына наразылық таныттық деп санайды.
XS
SM
MD
LG