Accessibility links

Гранитный колониясында 11 тұтқын аштық жариялады


Сот шешімдері мен құқық қорғау органдарының қызметіне наразы ынталы топ құрған бес азамат аштық жариялады. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сот шешімдері мен құқық қорғау органдарының қызметіне наразы ынталы топ құрған бес азамат аштық жариялады. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының Гранитный ауылындағы ЕЦ-166/25 түзеу колониясында 11 тұтқын аштық жариялады деп хабарлады облыстың қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Горнова Азаттық тілшісіне тұтқындардың аштықты колония режиміне наразылық ретінде бастағанын айтады. Бірақ Горнова тұтқындардың нақты қандай талап қойып отырғанын айтпады. Тұтқындар тек су, сусын ішеді.

"Қазір түрме басшылығы олармен сөйлесіп жатыр. Тұтқындардың денсаулығы бірқалыпты" дейді Горнова.

Бұған дейін Степной ауылындағы ЕЦ-166/25 колониясынан Гранитныйдағы мекемеге ауыстырылатын кезде 11 тұтқынның сегізі қарындарын тілгені хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG