Accessibility links

Бангладеште селден 90 адам қаза тапты


Сел жүргеннен кейінгі көрініс. (Көрнекі сурет).
Сел жүргеннен кейінгі көрініс. (Көрнекі сурет).
Бангладештің оңтүстік-шығысында үш күн бойы жауған нөсер жаңбырдан сел жүріп, 90 адам мерт болды. Бангладеш билігінің хабарлауынша, нөсерден Читатгонг қаласы көп зардап шеккен.

Қала басшысы Сираджул Хаг Хан құрбан болғандар саны бұдан да өсе түсуі мүмкін екенін айтады. Табиғат апаты кесірінен бұл аймақта көлік қозғалысы нашарлаған.

2007 жылы Читатгонгте селден 130 адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG