Accessibility links

ЕҚЫҰ парламенті Беларуське байланысты қарар дайындады


ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының 20-сессиясы. Белград, Сербия, 6-10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының 20-сессиясы. Белград, Сербия, 6-10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясы 2014 жылы хоккейден әлем біріншілігін Беларусьте өткізбеуге шақыратын қарар дайындады.

21 елдің 60-тан астам депутаты дайындаған қарар Беларусьті адам құқықтарын қорғаушыларды қудаламауға, оларды үйқамаққа алуды тоқтатуға шақырады. Беларусь билігінен түрмелердегі азаптау оқиғаларын тексеретін халықаралық мамандарды кіргізу де сұралған.

ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің депутаттары 5-9 шілдеде Монакода өтетін парламенттік ассамблеяның жыл сайынғы сессиясында қарарға дауыс береді.

Наурызда Еуропа парламенті халықаралық хоккей федерациясын Беларусьті 2014 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруға шақырған қарар қабылдаған. Ол қарарда да Беларусьтің адам құқықтарын бұзып отырғаны айтылған еді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуропа парламентін "чемпионатқа қысым жасап отыр" деп айыптаған.

ЕҚЫҰ-ға Беларусь те мүше.
XS
SM
MD
LG