Accessibility links

Сенатор: қырғызстандық жұмысшыларға салық салу керек


Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.

Сенатор Икрам Адырбеков Қазақстанда жұмыс істейтін Қырғызстан азаматтарына салық салуды ұсынды деп хабарлайды "Тенгриньюс" агенттігі.

Адырбеков бұл туралы парламентте Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының екі ел аумағында 90 күнге дейін болуына мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімді талқылау кезінде айтқан.

"Қырғызстан азаматтары Қазақстанға негізінен жұмыс істеу үшін келеді. Сондықтан бұл мәселені реттейтін уақыт келді. Мысалы, Ресейде енгізіліп жатқан патенттік жүйені біз де қарастырып, өзімізге енгізуіміз керек. Заңды бұзбай, жұмыс істеп жатқан Қырғызстан азаматтары салық төлейтіндей жағдай жасалуы қажет" деген Икрам Адырбеков.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылы Қырғызстаннан Қазақстанға 94 мың адам келген.
XS
SM
MD
LG