Accessibility links

Белсенділер 10 тәулікке қамалды


Инга Иманбай (оң жақтан бірінші) қоғамдық белсенділер Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қудалауды тоқтатуды талап еткен акцияда. Алматы, 15 маусым 2012 жыл.
Инга Иманбай (оң жақтан бірінші) қоғамдық белсенділер Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қудалауды тоқтатуды талап еткен акцияда. Алматы, 15 маусым 2012 жыл.
Алматы қаласының әкімшілік соты "Рух пен тіл" ұйымының мүшелері, азаматтық белсенділер Инга Иманбай мен Анар Әбілдаеваны 10 тәулікке қамады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Судья Ерік Күзембаев оларға әкімшілік кодекстің 373-бабы 3-тармағы бойынша "бейбіт шеру мен жиындарды өткізу тәртібін бұзды" деген айып таққан.

15 маусымда Инга Иманбай мен Анар Әбілдаева және қоғамдық белсенділер Алматы қалалық ҰҚК департаментінің тергеу абақтысының алдына жиналып, сол күні таңертең қамалған режиисер Болат Атабаев пен белсенді Жанболат Мамайды қудаламауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG