Accessibility links

Қытай ғарышкерлері жерге оралды


 "Шэньчжоу-9" ғарыш кемесінің ұшырылуы сәті. Қытай, Ганьсу провинциясы, 16 маусым 2012 жыл.

"Шэньчжоу-9" ғарыш кемесінің ұшырылуы сәті. Қытай, Ганьсу провинциясы, 16 маусым 2012 жыл.

Екі апта бұрын, 16 маусымда ғарышқа ұшқан Қытайдың "Шэньчжоу-9" ғарыш кемесінің экипажы бүгін жерге оралды.

Ғарыш кемесінің Қытайдың солтүстігінде жерге қону сәтін мемлекеттік телеарна тікелей эфирден көрсетті.

Жерге оралған ғарышкерлердің арасында қытайлық ғарышқа ұшқан алғашқы әйел - Лю Ян да бар.

Орбитада болған кезінде ғарышкерлер негізінен ғарыш кемесін "Тяньгун-1" модулімен түйістірді. Бұл Қытайдың орбитада өз ғарыш станциясын жасақтауындағы негізгі қадам болып саналады.
XS
SM
MD
LG