Accessibility links

Қорғаушылар Челахтың сотына алқа билерді қатыстыруды сұрамақ


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
14 шекарашыны өлтірді деген күдікпен тұтқындалған Владислав Челахтың қорғаушылары соттан істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұрамақ. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Жұма күні Алматыда өткен баспасөз жиынында Челахтың қорғаушысы Төлеген Берліқожанов: "Істің алқа билердің қатысуымен қаралуын сұраймыз. Кейбір жайттарды анықтау үшін қайтадан сараптама жүргізуді сұрайтын шығармыз" деді.

30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасына қарасты Арқанкерген постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сенбейтіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG