Accessibility links

Қазақстан Өзбекстанға қатысты мәлімдеме жасады


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
"Өзбекстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығу мәселесі ұйымның жарғысына сәйкес шешіледі" деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев. Бұл туралы жұмада "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлады.

"ҰҚШҰ-ның хатшылығы жарғыға сай ұйымға мүше елдерді бұл мәселе турасында хабардар етті. Мәселе ұйымға мүше елдердің тұрақты өкілдерінің қатысуымен жарғыға сай қарастырылады" деді Алтай Абибуллаев.

ҰҚШҰ өкілі Владимир Зейнетдинов бейсенбіде Өзбекстанның ұйым құрамынан шығатыны туралы нота тапсырғанын хабарлаған еді. Ресми Ташкент нотада бұл ұйымның "Өзбекстан ұстанымын ескермей, шетке қағатынын" айтқан.
XS
SM
MD
LG