Accessibility links

Barclays банкінің басшысы отставкаға кетеді


Лондондағы Barclays банкінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Лондондағы Barclays банкінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Ұлыбританияның ірі Barclays банкінің басшысы Маркус Эйджус өткен аптада басталған жанжалдан кейін отставкаға кететін болды деп хабарлайды британ басылымдары.

Банк имиджін жақсарту және кірісті арттыруды көздеп, Лондонда банктер арасында Libor мөлшерлемесін жасаған еді. Өткен аптада банктер арасындағы несиелендірудің пайыздық мөлшерлемесі туралы дұрыс мәлімет бермегені жанжал тудырып, Barclays банкіне жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Маркус Эйджус банкті алты жылдан бері басқарып келді. Ол бұған қоса британ банкирлері ассоциациясының төрағасы. Бірақ банк басшылығы Эйджустің отставкасына қатысты түсінік берген жоқ.
XS
SM
MD
LG